«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бюрократия бизнеске бөгет болуда

2015 жылғы 13 Қазан
- Ақтөбе облысы
9625 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін ғана қарғалылық кәсіпкер жер телімін ала алды.

Жеке кәсіпкер Қосай Байболатов бюрократиялық әуре-сарсаңға салу мен қағазбастылықтың не екенін басқаларға қарағанда жақсы біледі. Ол Қарғалы ауданындағы туған ауылы Бадамшада техникалық қызмет көрсету станциясын ашпақшы болады да, жұмысын жеңілдету үшін, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Қарғалы ауданындағы филиалына келіп, өтініш даярлауға көмек сұрайды.

«Сенімхат негізінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жер телімін бөлу туралы өтініш бердік. Сәулет және қала құрылысы бөлімі жеті жұмыс күні ішінде жағдаяттық схемасымен жер телімін таңдау актісін даярлауға және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен сәйкес қызметтердің келісуіне жіберуге тиіс болатын. Іс жүзінде бөлім мамандары белгісіз себептермен актіні ешкіммен келістірмеген болып шықты. Оны аудандық жер қатынастары бөлімінің қорытындысы растайды. Аталмыш қорытындыда кейбір мемлекеттік органдардың «Бадамша-Сервис» ҚМК және «Қазақтелеком» АҚ келісулерінің жоқтығы көрсетілген», - дейді филиал директоры Мейрамбек Құрманов.

Мейрамбек Құрманов осылайша кәсіпкердің құқығы бұзылды деп санап, Қарғалы ауданының прокуратурасына сәулет және қала құрылысы бөлімі әрекетінің заңдылығын қарауды сұрап жүгінді.

Прокуратура өз кезегінде Халыққа қызмет көрсету орталығының өтінішті бөлімге талаптарды бұзу арқылы жібергенін анықтады. Нәтижесінде бөлім мамандары жерді таңдау актісін бұзулармен даярлаған. Кейінірек жер қатынастары бөлімі де дәл осы себептермен теріс қорытынды берген.

«Осылайша, осының бәрі өтінішті қарау кезіндегі негізсіз әуре-сарсаңға салу мен Қосай Байболатовтың құқығы бұзылуына куә болады. Жүгіну нәтижесінде аудан прокуратурасы аудан әкімінің атына заңды бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді», - деп жауап берді қадағалау органы филиал директорына.

«Қазір кәсіпкер оң қорытынды алды және барлық қажет құжаттарды ресімдеп жатыр», - деп қорытты сөзін Мейрамбек Құрманов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер