«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағынмаркеттер мәселесі

2015 жылғы 16 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
9121 просмотров

Жертөледе дүкендер ашыла ма, ашылмай ма?

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел басында осы мәселе талқыланды.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне жертөле және астыңғы қабаттағы жайларды жалға беруге қатысты мәселелер біраз уақыттан бері ақтөбелік кәсіпкерлер үшін біршама өзектеніп отыр.

Бүгінде облыс орталығында құрылыс белсенді түрде жүруде. Жаңа шағын аудандар пайда болуда. Ережеге сай, жаңа шағын аудандардағы құрылыстың келешек жоспарларында дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, дәріханалар мен шаштараздар салуға жер телімдері көзделмеген. Бір ғана шығар жол бар – кәсіпкерлерге бизнесін жертөлеге орналастыруға мүмкіндік беру.

Олар қуана келісер еді, тек мемлекеттік органдар рұқсат етпей отыр. Жаңа санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, тұрғын үйлердің жертөле және астыңғы қабаттарында бизнес нысандары орналаса алады. Бірақ әрбір нақты жағдайда рұқсат алып отыру керек. Ал оларды алу аса қиын. Палата кәсіпкерлер тарапынан келетін өтініштердің жиілеп кетуіне орай, аталмыш мәселені шешуге тырысты.

Палатадан көмек сұрай келген кәсіпкерлер дөңгелек үстел қатысушыларына «Нұр-Сити» шағын ауданының жертөлелерінде бизнес субъектілерінің ешбір рұқсатсыз жұмыс жасап жатқанын хабарлады, ал заңсыз негізде жұмыс жасағылары келетіндерге әкімдік рұқсат бермеуде.

«Табыс Ақтөбе» ЖШС (шағын ауданға қызмет көрсететін компания) директоры Ерлан Білиев рұқсатсыз жұмыс жасап жатқандардың барлығын жертөлелерден көшіру бойынша сот процесі жүріп жатқанын айтып, оларды «тыныштандырды». Оның айтуынша, бизнесті мұндай орындарға орналастыру техникалық түйткілдермен байланысты. Жертөлелерде үйлерге қызмет көрсететін коммуналдық-тұрмыстық жабдық орнатылған (бойлерлер, электр-қалқанды аспаптар және басқалары), оның үстіне, ол кіре-беріс жерге қойылған.

«Мұнда бизнес субъектілерінің орналасуы апатты жағдай орын алғанда «Табыс Ақтөбе» ЖШС қызмет көрсетуші жұмысшыларының коммуналдық жабдыққа өтуін қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, жертөледе құбыр жарылып, кәсіпкердің мүлкін су алып кетсе, жауапкершілікті кім алады?», - дейді Ерлан Білиев.

Нәтижесінде «Табыс Ақтөбе» серіктестігіне бизнес субъектілерін жарық, жылу және су сияқты коммуналдық игілікпен қамтамасыз ету жөнінде жобалаушылармен есептеулер жүргізу, сонымен қатар коммуналдық жабдықты оқшаулау мәселесін қарастыру ұсынылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер