«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбенің өз картасы болады

2015 жылғы 16 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
10671 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму картасын жасауда

Ақтөбе облысында 2015 жылдың соңына дейін Өңірлік даму картасы жасалып шығады. Аталмыш маңызды құжат бизнесті дамытудың келешегі бар бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жаңаайым Келбатырованың айтуынша, Карта әрекеттегі және әлеуетті кәсіпкерлермен, жергілікті атқару органдарымен, даму институттарымен, банктермен сауалнама жүргізу, сұрау, сұхбаттасу негізінде жасалады.

«Бұл құжаттың объективті болғанын, және де өңір аумағында әрекет ететін әрбір кәсіпкердің  сауалнамаларды толтыра отырып, өз үлесін қосқанын қалаймыз. Карта кәсіпкерлікті дамыту үшін, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау үшін, өңірдің мамандануын анықтауға ғана емес, өңірдегі бизнестің әлеуетін, сонымен қатар өңір өсуінің жасырын қорлары мен әлеуетті нүктелерін ескере отырғандағы кәсіпкерлікті дамытудың келешегі бар бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді», - деп атады директордың орынбасары.

Палата сарапшылары сауалнамамен бірге, бірнеше ай бойы салмақты түрдегі талдау жұмыстарын жүргізеді: бизнес өкілдерімен кездеседі, көрші елдер нарықтарын зерттейді (Қытай, Ресей және т.б.).

Зерттеулер 2015 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнесті французша жүргізу
7 Маусым
2016
Батыс Қазақстан облысы
Бизнестің онлайн-шамшырағы
2 Маусым
2016
Атырау облысы
Қолданыстан тыс жатқан қаржы мен жер
6 Қараша
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер