«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экспортқа да, өзімізге де!

2015 жылғы 26 Маусым
- Ақтөбе облысы
11477 просмотров

Ақтөбе облысында құны 2,1 млрд теңге тұратын заманауи ет комбинаты салынуда. Жергілікті мал өсірушілер шикізат базасын нығайтуда, етті қайта өңдеу желісін іске қосып, экспорттық әлеуетті өсіріп жатыр.

Алға ауданында өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірі «АкТеп» әрекет етеді. Мал жемдейтін алаңы 10 мың ірі қара мал басына есептелген. Қазір бұл жерде шамамен 3,5 мыңға жуық сиыр малы салмақ жинауда. Төрт ай ішінде олардың салмағы жарты тоннаға жетеді. Шаруашылық жанында 40 мың гектардан астап ауданды алып жатқан жеке жайылымы, шөп шабатын жері, құрама азық зауыты бар, ірі азық дайындау жөніндегі іргелі серіктестер желісі құрылған.

2015 жылғы сәуір айында «АкТеп» мал шаруашылығы кешенінің базасында етті қайта өңдеу комбинатының құрылысы басталды. «Құны екі миллиард теңгеден асатын кешен 2015 жылғы қараша айында іске қосылады. Жылына 7,2 мың тонна сиыр етін қайта өңдеу жоспарланып отыр. Өнімнің 40 пайызы экспортталады. 60 пайыз – ішкі нарыққа жеткізіледі», - деді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрбол Аймағамбетов. Сағатына 15 бас ірі қара мал, соның ішінде ангус тұқымдас өгіздер сойылады деп күтілуде. Сосын неміс технологиясымен салқындатылған сиыр еті қазақстандық және ресейлік дүкен сөрелеріне жеткізілетін болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер