«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокуратура есеп берді

2015 жылғы 14 Мамыр
- Ақтөбе облысы
19364 просмотров

2015 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысы прокуратурасының кәсіпкерлер құқығын қорғау штабына 30шағым-арыз келіп түсті.

Прокуратурада штабтың өткен жылда атқарған жұмыстарына қорытынды жасалды. Ақтөбе облысының прокуратурасымен кәсіпкерлік саласында заңның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша штаб құрылған. Штаб өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз өзара әрекетте. 

Облыстық прокуратураның 1-басқармасының бастығы Маратбек Мирзамуратовтың сөзі бойынша, 4 ай ішінде 30 тексеріс жүргізілген, оның барысында 1971 заң бұзушылық анықталған, 65 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 27 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс қарастырылып, 4 шағым қанағаттандырылған, 36 тұлға әр түрлі жауапкершілік түріне тартылған. 

«Штаб жер қатынасы, ауыл шаруашылық, сәулет және қалақұрлысы саласында, сонымен қатар сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат беруде әкімшілік кедергілерді анықтап және оларды жоюмен айналысқан. Жалпы тексеріс қорытындысы бойынша 1770 заң бұзушылық анықталды, 25 прокурорлық акт жасалып, 8 акті бойынша 13 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 6 лауазымдық тұлға «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңға сәйкес жауапқа тартылды»,- деп Маратбек Мирзамуратов нәтижені хабарлады. 

Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерін инженерлік желіге қосу барысында кәсіпкерлер құқығын сақталуына тексеріс жүргізілді, тексеріс барысында 198 тәртіп бұзушылық анықталған. Негізінен, бұзушылықтардың басым бөлігі кәсіпкерлердің техникалық шарттарды беру туралы өтінішін уақытылы қарастырмауға және заңсыз қосымша құжаттарды талап етуге байланысты.  

Қазір штаб Ақтөбе қаласында және облыс аудандарында мемлекеттік орган қызметінің кірістерін тексерумен айналысуда. Қазіргі таңда 56 кәсіпкердің конститутциялық құқығы бұзылғаны анықталды, олар мүліктеріне салынған шектеулердің уақытылы алынбауын айтты. 

Бірлескен күшпен элетр энергиясына жүз пайыз алдын ала төлем жасауды болдырмау туралы мәселе шешілді. Табиғи монополияны реттеу және Ақтөбе облысы бойынша бәсекелестікті қорғау департаменті «Ақтөбе энергия жабдықтау» ЖШС қызметіне тексеріс жүргізіліп, заң бұзушылықты жою туралы өкім шығарылған.

«Барлығы мобильдік топқа 30 шағым-арыз келіп түскен, оның ішінде 14 шағым нақтыланды, 18 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 12 жеке тұлға жауапкершілікке  тартылды»,- деп қорытындылады Маратбек Мирзамуратов


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер