«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде МЖӘ бойынша ондаған нысан салынады

2018 жылғы 11 Сәуір
- Ақтөбе облысы
2441 просмотров

Тиімді әріптестік

Елімізде мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында осы уақытқа дейін ірілі-ұсақты түрлі жобалар жүзеге асырылды, тәжірибе жинақталды. Нәтижесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің кемшіліктері мен артықшылықтары айқындалды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңға қосымша актілер үш жыл бұрын қабылданған болатын,  дегенмен кәсіпкерлер бұл құжаттарды іс жүзінде қолдана бастаған кезде жекеменшік әріптестігі барысында тәуекелдер туғызатын күрделі мәселелер туындады. Осыған байланысты жобаларды жүзеге асыру барысында кездесетін барлық мәселелерді ескере отырып, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы негізгі заңдағы қосымша актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар білдірген болатын, соған сәйкес аталған құжатқа өзгерістер енгізілді, ол осы жылдың 6 сәуірінен бастап күшіне енді.

 МЖӘ саласындағы осы заң шеңберіндегі жаңалықтар туралы Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұқанов Нұрлыбек Бекболатұлы әңгімелейді.

 - Нұрлыбек Бекболатұлы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңдағы қабылданған өзгерістерді ілгерілеу деп санауға бола ма?

Заңнамаға өзгерістер енгізудің негізгі мақсаты – «Бағдарламалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» бағдарламасын енгізу және оның ұзақ мерзімділігі, жүргізілетін рәсімдерді оңтайландыру. Мысалы, жобаларды жүзеге асыру процесі енді бұрынғыдай бес емес, үш кезең бойынша жүргізіледі, олар – инвестициялық ұсынысты сараптау, конкурс өткізу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім-шартын жасасу. Яғни, бұрынғыдай Концепция жасау талап етілмейді, сонымен қатар МЖС келісім-шартының сараптамасы мен жобаның концепциясы сынды тармақтар алынып тасталды. Осының нәтижесінде жобаларды дайындау мерзімі жеті айдан үш айға дейін қысқарды.       МЖӘ туралы Заңның тағы бір маңызды жаңалығы – МЖӘ аясындағы жобаны жүзеге асыру кезінде өндірілетін тауарлардың, жұмыс пен қызметтің белгілі бір көлемін, ауқымын мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімін белгілеу, ендігі жерде МЖӘ келісім-шарты шеңберінде одан әрі ұзарту құқығымен кемінде үш жыл тұтыну құқығына ие.

«Бағдарламалық МЖӘ» енгізілді, яғни, МЖӘ стандартталған жобалар бойынша жеке меншік әріптестікті іріктеудің қосымша сараптамадан басқа барлық рәсімдерін мемлекеттік бағдарламалардың әрбір саласы үшін жеңілдетілген формада белгілеуге болады.

Бұдан былай МЖС тетіктері барынша қарапайым, қолжетімді болады, яғни, инвесторлар ұзақ мерзімді қаржыландыру жасауды жоспарлай алады.  

 -Әріптестіктердің тәуекелдерін реттеу механизмі қарастырылған ба?

МЖӘ жобаларын валюталық тұрғыда жүзеге асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу және МЖӘ келісім-шартын мерзімінен бұрын тоқтату кезінде тараптардың шығындарды өтеу тәртібі тетіктері  бар.

- Ұлттық кәсіпкерлер палатасының МЖӘ тетігін іске асырудағы қызметі қандай?

-Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасы сәтті жүзеге асырылған МЖӘ жобаларын туралы ақпаратты тарату, МЖӘ тетіктерін пайдалану салаларын кеңейту, МЖӘ қатысты ҚР заңдылықтарын жетілдіру, МЖӘ жобаларының жүзеге асыруға қолдау көрсету сынды жұмыстарға араласады. 

 - Қазіргі уақытта қандай жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде?

 Облыста бүгінде 128 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 74 жоба бойынша келісім-шарттар жасалып,  29 жоба бойынша конкурстар жарияланды және 25 жоба бойынша жоспар жасалды.

Олардың ішінде жедел және жедел медициналық көмек орталығы, алпыс кереуетке арналған офтальмологиялық аурухана, 2500 орындық мұз сарайы сынды бірнеше жобаны ерекше атауға болады.

Жобалардың екеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылуда. Мысалы, қалалық медициналық көмек орталығының құрылысы үшін түрік инвесторлары 4,0 млрд теңге көлемінде қаражат аударды, бұл қаражат жеті жылда бюджет есебінен өндіріледі.

Чехиялық инвесторлардың ( "Н+Н TECHNIKA" компаниясы) қаржыландыруымен Ақтөбе қаласында мұз сарайының құрылысы жүргізілуде.

Бұлардың барлығы - өңіріміздегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының сәтті жүзеге асырылып жатқанының көрінісі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер