«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

107 еді, 160-қа жетті

2016 жылғы 04 Сәуір
- Ақтөбе облысы
6295 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен аз қамтылған отбасылардың балаларын тамақтандыруға қосымша 28 миллион теңге бөлінетін болды

ӨКП-ға қала мектептерінде тамақтандырумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің бір тобы өтінішпен келді. Олардың айтуынша, Ақтөбе қаласы білім бөлімі оларға жаңа мәзір жіберген. Калькуляцияға сәйкес, әр балаға арналған бір күнгі шығын 186 теңгеге тең екен, ал 2011 жылдан бері бюджеттен әр оқушыға 107 теңге бөлініп келеді. 

Соған байланысты, жеке кәсіпкерлер Палата сарапшыларынан қазынадан бөлінетін соманы көбейтуге ықпал етуін сұрап келген екен.

ӨКП сарапшысы Нұрлан Махамбетовтің айтуынша, Палатада дөңгелек үстел ұйымдастырылып, нәтижесінде, білім бөліміне оқушыларды тамақтандыруға бөлінетін қаражатты көбейту туралы ұсыныс-хат жіберлген. Сонымен қатар, бұл мәселе қалалық мәслихаттың сессиясында көтеріліп, соңында балаларды тамақтандыру бағасын 120 теңгеден 160 теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта бюджеттен 28 миллион теңгедей қаражат бөлінбек.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер