«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дауға түскен жер телімі

2016 жылғы 25 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
7038 просмотров

Жергілікті шенеуніктер доңғалақты техника шығаруен айналысатын компанияға кедергі жасаған

«Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС еншілес компаниясы «Технодом-СТKZ» ЖШС (Nazar Treiler) тіркемелі доңғалақты техника шығарады. Компания өкілдері түрік серіктестерінің өндірістік процесін зерттеп-біліп, жабдықтар алып келеді және Ақтөбеде еуростандартқа жауап беретін тіркемелер шығара бастайды.

Жобаның жалпы құны 250 миллион теңге тұрады. «Назар Трейлер» қызметкерлері ай сайын 20 тіркемеге дейін құрастыра алады, жылына 200 бірлік доңғалақты техника өндіреді. Бұл екі түрлі өзі аударғыш тіркеме, ұзын өлшемді көліктер, клиенттің мөлшеріне қарай контейнер тасығыштар және тралдар. Өнімнің 80%-ы отанымызда өндіріледі.

Кәсіпорын барлық толымдағыштарға қазақстандық жол мен климатты ескере отырып тапсырыс береді.

Аталмыш жобаны о бастан Палатаның сүйемелдеп келе жатқанын айта кету керек. Палата компанияның экспортқа шығуына мүмкіндік беретін СТ КЗ сертификатын, ISO 9001 сертификатын алуына жәрдемдесті.

Компанияда жер қатынастары саласында түйткілдер туындағанына да көп өткен жоқ.

«Кәсіпорынның жеке меншігінде жер телімі болған. Онда ЖШС жапсарлас аумақты абаттандырумен кеңсе және сауда алаңын салуды жоспарлап жүреді. 2015 жылғы тамыз айында Ақтөбе облысы жерлерінің қолданылуын бақылау және қорғау басқармасының өкілдері телімнің мақсатында қолданылып жатқанын тексеру үшін, осында келеді. Компания ол кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамаған болатын. Сол жылдың қыркүйек айында телім иесі «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС ғимарат іргетасын салу жұмысын бастайды. Мемлекеттік орган оған қарамастан, сотқа жер телімін алу туралы қуыныммен жүгінеді. Компания басшылары бізге жүгінді», - дейді ӨКП бөлімінің бастығы Руслан Күйшінов.

Палата сарапшылары өз кезегінде сол орынға бірге баруды ұсынып, басқармаға жүгінеді. алайда мамандар тексеріс заңсыз болады деген желеумен барудан бас тартады.

«Сот отырысы барысында жауапкер құрылыс орнында жасалан фотосуреттерді іске қоса тіркейді. Нәтижесінде талапкердің жер телімін алу туралы қуыным талабын қанағаттандырудан бас тартылды. Кәсіпкерлер палатасы қазір рұқсат құжаттарын алуға көмек көрсетіп, көктемде ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртады», - деп қорытты Руслан Күйшінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер